Бүгін теміртаулық “Шахтер-Болат”-қа қарсы ойында теріскейлік спортшылардың асығы алшысынан түсті. Петропавлдық аяқдопшеберлері қарсылас қақпаға ойынның 8-ші және де 31-ші минуттарында гол соқты. Ал теміртаулық спортшылар 27-ші минутта жалғыз доппен жауап қайтарды. Осылайша ел кубогі аясында алғашқы ойында қызыордалық “Байқоңырды” 3-0 есебімен тізе бүктірген теріскейлік спортшылардың жолдары болып, турнирдің келесі кезеңіне 6 ұпаймен тікелей өтті. Жергілікті құраманың қарсыласы алдағы уақыттарда белгілі болады.
Риат Шони