Денсаулық сақтау

Өткен жылы туберкулезге шалдыққан 83 адам мәжбүрлі емделуге жіберілген

Балалардың аталмыш сырқатқа шалдығу -2,1, ал жалпы өлім-жітім 24 пайызға азайыпты. Мұны мамандар ұдайы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесі деп отыр. Алдын алу шаралары оқу ошақтарында да өткізіледі.

Гүлшат Шаймерденова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

– Білім беру нысандарында алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Мамлютка қаласында туберкулезге шалдыққан отбасылардан шыққан балалалар оқитын 400 орындық мектеп-интернат бар. Олар сонда оқып жүріп ем қабылдайды.

Жалпы бүгіндері облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 1500-ге жуық науқас есепте тұр. Олардың 758-і аурудың белсенді формасына шалдыққан екен. Алайда, кей жандар қатерлі дерттен дауа іздеуге асықпайтын көрінеді.

Павел Соболевский – Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

– Өткен жылы ғана біз сот шешімімен 83 адамды мәжбүрлі ем қабылдауға жөнелттік. Оның өзі арнайы заңның қабылдануының арқасында мүмкін болып отыр. Өйтпеген жағдайда науқастар туберкулез дертін өзгелерге жұқтырар еді.

Қазіргі таңда туберкулездің жеңіл формасына шалдыққан науқастар амбулаторлық ем қабылдай алады. Өткен жылы ондай көмекке 800-ден астам азамат жүгінген.

Магжан Ахмадина