МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаттарының қатарында 3 солтүстікқазақстандық бар

Халық қалаулылары – ең көп дауыс жинаған “Нұр Отан”, “Ақ жол” және Қазақстанның Коммунистік халық партияларының қатарынан. Депутаттық мандатқа барлығы 98 адам ие болды. Оның 84-і – нұротандықтар. Мәжілісмендер қатарына солтүстікқазақстандықтар да еніп отыр. Олар «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Кәрібай Мұсырман, “Астык STEM” серіктестігінің жетекшісі Сергей Звольский мен “Радуга” ЖШС директорының міндетін атқарушы Пётр Шарапаев.

Айгерим Ержанова