Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтар «Нұр Отан» партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

20 наурызда өткен кезектен тыс мәжіліс және жергілікті мәслихаттардың сайлауына елдегі тізімге енгізілген 10 миллионға жуық сайлаушының 7,5 млннан астамы саяси додаға қатысқан. Мұны форумда тікелей эфирде көрсетілген брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы- Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Көгілдір аспан түстес жалаушалар мен транспаранттар ұстаған солтүстікқазақстандықтар кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен жетекші партияны қолдау үшін келген. Спорт сарайына өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен зауыт қызметкерлері, студенттер мен оқытушылар жиылған. Осынау күні мыңдаған солтүстікқазақстандықтарды нұр отандықтардың айқын жеңісімен өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов құттықтады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы:

– Құрметті жерлестер. Баршыңызды «Нұр Отан» партиясының жеңісімен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, барша қазақстандықтардың жеңісі. «Нұр Отан» үлгі істер, биік жетістіктер партиясы. Елбасы партиясының мақсаты-елдің бірлігін, татулығын сақтау, экономиканың өсімін қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің барлығы партияның сайлауалды тұғырнамасында бар. Құтты болсын жеңіс!

Саяси шара үлкен ұйымшылдықпен атқарылды. Солтүстікқазақстандықтар бұл жолы да татулықтың берік үлгісін танытып, өз таңдауларын жасады. Ауқымды жиын барысында сөз сөйлеген еңбек ардагері- Құдайберген Қалиев, алдағы 5 жылда нұротандықтар көптеген игі істердің басы қасында болып, ел халқына дағдарыстан шығар жолды көрсетеді деді.

Құдайберген Қалиев- СҚО құрметті азаматы, еңбек ардагері:

– Ол біздің «Қазақстан-2050 стратегиясы», бұл бойынша біз барынша дамыған 30 елдің қатарына кіретін боламыз. Екінші, «Нұрлы жол» бағдарламасы. Ол бізді келешеккке апарар жол. Үшінші, біздің 5 институционалдық реформа. Осы үшеуін жүзеге асыру керек. Сол үшін жұмысқа шұғыл кірісу керек. Қазақстан алға, алға алға.

Бірлігі бар ел озады демекші бүгінгі жиында түрлі ұлт өкілдері де сөз алып, өз қуаныштарымен бөлісті. Астықты өлке теріскей шаруалары Президентіміздің қолдауын әсіресе, айқын сезінеді. Сондықтан сайлауда жетекші партияны қолдау арқылы біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ат салыстық дейді өңір аграрийлері.

Арыстан Жүнісов- «Мәмбетов и К» КС директоры, Мамлют ауданы:

– Мен 40 жылға жуық уақыт ауыл шаруашылығ саласында еңбек етіп келемін. Ауыл еңбеккерлері мемлекет басшысының ауқымды бастауларын әрқашан қолдйды. Соның арқасында сала қарқынды дамып, ауыл аймақтардағы халықтың тұрмасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Қазіргі таңда еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бейбіт аспанда көк байрағымыз қалықтап, әнұранымыз еркін шарықтауда.

Мұнда жиылғандардың барлығы Елбасыға, ел болашағына, өз болашақтарына сеніммен қараған жандар. Кезекті жеңісті ту еткен олар жүздері нұрға бөленіп, «Жасасын Қазақ елі!», «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатуда.

Әсемгүл Есқожа- «Қоғамдық келісім» КМК директоры:

Қазақстандықтар өз сенімін «Нұр отан» апртиясына жүктеп отыр. Сондықтан алдымызда жауапты кезең- нақты істермен танылатын, нақты істермен халықтың өмірін өркендететін, Отанмыздың тәуелсіздігін нығайта түсуге тиімді еңбек ететін кезең.

Форумға қатысқандардың барлығы кешегі күнгі саяси додада «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» өз дауыстарын еліміздің болашағы -«Нұр Отан» партиясы үшін берген. Бұл түсінікті де. Өйткені олар мемлекетіміздің кемел келешегін тек Ұлт көшбасшысымен байланыстырады.

Абылайхан Қайроллаев- «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:


–  «Нұр Отан» апртиясымен жаңа жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін. Оның көптеген жобалары бар. «Нұр Отанмен» тек қана алға. Дамыған елдердің қатарына қосылатынымызға сенімдімін.

Диана Дүйсенбина- Облыстық онкологиялық диспансердің психологы:

 

–  Қазақстанның болашағынан зор үміт күтудеміз. Нұр Отанның бастауымен бәрі жақсы болады деп ойлаймыз.

Жеңістің туын желбіреткен шара өңіріміздегі өнер ұжымдарының ән-шашуына ұласты.

Мағжан Ахмадина