МТРА жаңалықтары

Елімізде өткен сайлауға солтүстікқазақстандықтардың 82 пайызы қатысты

Елімізде саяси маңызды науқанға қазақстандықтардың 77 пайызы қатысыпты. Еске сала кетейік, наурыздың 20-сы күні облыста 929 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Бұл 697 учаскелік, 15 аумақтық және 217 аймақтық участоктар. Ал депутаттыққа үмітті кандидаттардың саны 332 адам. Саяси маңызды науқан күні өңірде солтүстікқазақстандықтардың 82 пайызы өз таңдауын жасапты. Мәселен, БЭСТ мектеп-гимназиясындағы №628-ші учаскеде тіркелген 1878 петропавлдықтың 1417-сі сайлауға қатысқан. Ал сағат тілі кешкі сегізді көрсеткенде барлық дауыс беру орындары жабылып, бюллетеньдерді санауға кірісті. Ең әуелі комисися мүшелері кішкентай, жылжымалы жәшіктердегі құжаттарды санады. Бұл түрлі себептерге байланысты дауысты өз үйінде бергендердікі. Кейін үлкен урнадағы бюллетеньдерді бөліп, қарастырды. Арасында бүлінгендері де болды. Олардың саны 140-қа жетті. Жалпы 628-ші сайлау учаскесінде санақ үш сағаттан соң толығымен аяқталды. Кейін барлық құжаттар қалалық сайлау комиссиясына жіберілді. Мұндағылар бұл күні облыс орталығындағы барлық дауыс беру орындарынан бюллетеньдерді қабылдап, тіркеп отырады.

Евгений Мамыкин – қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

 

– Қазіргі уақытта қалада бар 90 сайлау учаскесі жабылып, бюллетеньдерді санауда. Кейін әр дауыс беру орны құжаттарды бізге әкеледі. Келіп түскен қағаздарды тексеріп, қайта қарастырамыз. Егер сәйкес келмесе, қайта есептейміз. Барлық санақ аяқталғаннан кейін кімнің жеңгендігі жарияланады.

Риат Шони