МТРА жаңалықтары

№643 сайлау учаскесінде дауыс беру құқығына ие 1918 адамның 60 пайызы таңдауын жасады

Жалпы №643 сайлау учаскесінде дауыс беру құқығына ие 1918 адамның 60 пайызы кешкі сегізге дейін таңдауын жасапты. Олардың арасындағы жасы ең үлкен азамат – 95 тегі қария да бар. Сонымен, межеленген уақыт та жетті. Дауыс беру барысы аяқталды. Комиссия есікті іштен тарс жауып алды. Мұндағылар тәуелсіз байқаушылар мен депутаттыққа кандидаттардың сенімді тұлғаларының көзінше үлкен және жылжымалы урналардың пломбыларын ағытып, бюллетеньді санауға кірісіп кетті. Комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, дауыс беру үрдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Күні бойы ешқандай заңбұзушылық тіркелкен жоқ дейді.

Манар Жаманова – №643 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:

-643-ші сайлау учаскесіне 1918 адам бекітілді. Соның 8-і сайлау науқанына тұңғыш рет қатысты. Сайлау туралы заң ережелері толығымен сақталды. Дауыс беру процесіне 2 халықаралық байқаушы мен сонша
депутаттыққа кандидаттардың сенімді тұлғалсы қатысты.

 

Берик Касен