МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтына 19 жыл толды

Плацта сап түзеген әскерилер үшін бүгін мереке. 1997 жылы ашылған ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтына бүгін 19 жыл толып отыр. Ұжымды құттықтауға түрлі саланың өкілдері келіпті. Жалпы 19 жыл ішінде іргелі оқу ордасы 15 рет түлек қақтырды. Институтты бүгінгі күнге дейін 2730 курсант тәмамдапты.

Ошақбай Сейітбеков – ҚР Ұлттық ұлан ӘИ әскери педагогика және психология кафедрасының бастығы:


–  Бүгінде институтымызда курсанттар 7 мамандық бойынша тәлім алады. Олар оқуын тәмамдағаннан соң әскери күш құрылымдарына жұмысқа орналасады.

Қазіргі таңда институтта 800-ге жуық курсант тәлім алады. Ақжан Балқыбек мұнда ОҚО-нан келіп отыр. Командалық тактика мамандығын меңгеріп жүрген курсант өткен жылы Астана қаласында өткен парадқа да қатысып, марапатқа ие болған.

Ақжан Балқыбек – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанты:

– Бүгін оқу ордамызда тарихи оқиға орын алып отыр. Жалпы осы институтта оқып жүргеніме өзім қуанамын. Өткен жылы парадқа қатысып, Ұлттық ұлан қолбасшысының марапатын алдым.

Салатанатты іс-шара барысында курсанттар құттықтауға келген меймандарға өз өнерлерін паш етті. Барабанда түрлі шығармаларды орындап, карабин мылтығын асқан шеберлігін көрсетті.

Риат Шони