Спорт

Өңір велошабандоздары Олимпиада ойындарына жолдама алады

Теріскейлік спортшы Артем Захаров Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы жарысқа лицензия ұтып алды. Жерлесіміз Жапонияда ұйымдастырылған сайыста күміс медаль қанжығалап, Лондондағы байрақты бәйгеде өз тобында әлемнің ең үздік 10 велошабандозының құрамына еніп отыр. Бұған қоса Олимпиада ойындарында тағы екі қазақстандық спортшы тас жол велоспортына жолдама ұтып алды. Соның бірі – жерлесіміз Алексей Луценко 1-ші нөмірде жарыс жолына шықпақ. Құрама сапында тағы бір жас велошабандоз Бахтияр Қожатаев та бақталастырады деп күтілуде.

Бакыт Садуакасов