Спорт

Солтүстікқазақстандық гір көтерушілер әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Виктор Сайко – Халықаралық гір спорты федерациясының Қазақстандағы филиалының президенті:

-Чемпионатқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысты. Олардың барлығы – өз мемлекеттерінің мықтылары. Алайда, біз талай жылдан бері осы жарыста жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрміз. Биыл да ерлеп, әрқайсысымыз өз номинацияларымызда бірінші атандық.

Жалпы елімізден жаһандық жарысқа 4 спортшы қатысқан. Соның 3-еуі – теріскейлік гір көтерушілер. Жерлестеріміздің арасында алпысты алқымдаған Ерік Нұрпейісов те бар. Былтыр өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатта қарсылас шыдатпаған жерлесіміз биыл да бірнеше рекорд орнатыпты.

Ерік Нұрпейісов – ардагерлер арасында гір көтеруден әлем чемпионы:

-12 келілік гірді бір сағат ішінде 750 рет көтердім. Бұл әлем рекорды. Ал, жартылай марофонда 441 рет гірді өз ырқыма бағындырдым. Жалпы өзім 12 медальды еншілердім.

Әлемді мойындатқан тағы да бір жерлесіміз – 16-ты жастағы қыз Марина Овчинникова. Бойжеткеннің гір көтеру спортымен айналысқанына 1 жыл болған. Ол жарыста 8 келілік гірді 1 сағат ішінде 492 рет, ал бес минутта 107 рет бойынан асырған екен.

 

 

Култанов Байболат