Спорт

Петропавлдық бес асық ойыны дамып келеді

Жанбота Жарылқасынов – Дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы:

-Асық ойнап үйренгеніме 2 жыл болды. Өзіме бұл спорт түрі ұнайды. Болашақта түрлі жарыстарға қатысқым келеді.

Қазақ халқында асықты алтыдағы баладан алпыстағы қарияда атады деген сөз бар. Яғни, ойыншылар сынға түссе жасқа шектеу қойылмайды. Ұлттық спорт түрінің ережесі өте қарапайым. Алдымен бір ойыншы 13 асықты қатар тізіп, одан 9 табан санайды. Белгіленген нүкте – құралайды көзге атқан мергендердің дәлдігі сыналатын жер. Мұнда аяқты артқа сілкіп, қолды мейлінше алға созған жөн.

-Ұлттық спортта қолыңызға иірген сақаны қатар тізілген асықтарға тигізу шарт. Егерде сіздің соққыңыздан ұшқан асық шеңбер сыртына шықса бұл дегеніміз жеңіс.

Яғни, белгіленбеген аймаққа шыққан асық менің жүлдем. Оны өз қоржыныма қоссам болады. Жалпы бұл ойынның адам денсаулығы үшін де пайдасы да зор. Ойыншы бір уақыт асық атса үнемі сергек, белсенді қалыпта жүреді.

Ағжан Сұрағанов – Дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:

-Асық атқан кезде адамның физикалық әлеуеті артады. Ойыншының ойлап қабілеті артады. Мойын, арқа бұлшықеттері дамиды.

Ал, бұл қыздардың “бес тас” ойыны. Қаз-қатар тізілген бұрымдылар асықтарды көкке атып 12 кезеңді мүдірмей өту қажет. Мұнда ең бастысы ойыншыға ептілік міндетті. Әр қимылда қырағылықпен, шапшаңдық танытып ұпайды молынан алсаң жеңіске жетесің.

Арайлым Құрметбекқызы – Дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы:

-Маған бес тас ойнаған өте ұнайды. Өйткені бұл ұлттық спорт түрі. Қазағымыздың ежелден келе жатқан кәделі ойындарының бірі. Бес тасты бала күнімнен ойнап өстіп.

Ұлттық спортымыз өткен ғасырда кенжелеп қалғандығы белгілі. Ал, соңғы жылдары дәстүрлі ойынға көп көңіл бөлінгендіктен қайтадан жаңғырды. Дәл осы асық атудан елімізде бірнеше жарыстар өтті. Онда бақ сынаған осы мектептің оқушылары жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Енді олар 20-сыншы наурызда Қостанай қаласында өтетін турнирға қатыспақ.

 

 

Култанов Байболат