Роза Рсаева, қолөнерші:
-Күндіз-түні ұйықтамаймын. Көрпе тігіп отырамын. Шаршамаймын. Өзі ісімнен рахаттанамын. Шаршаған емеспін.
Роза апай мына көрпелердің оюларын қиып көктеп, тігуге дайындап қойыпты. Тоғызтөбе, қошқармүйіз, қоңыраугүл сынды оюлардың үлгісін балалары жасаған. Апайға тек оны басып алу ғана қалды. Жүрген жерінде жаңа оюлар мен дизайндарға баса назар аударып, үйге келгесін бірден сыза қояды екен. Ұлттық құндылықты үйренемін деген адамнан еш аянып қалмаймын. Білгенімді бойына сіңіруге тырысамын дейді шебер.
-Он саусағынан өнер тамған Роза апа үй шаруасынан қолы қалт етсе ине мен жіп алып құрақ көрпе тігеді. Ападан көздің жауын алатын көрпелерді құрап үйренуді үйренгісі келетіндер көп екен.
Мына, тойбастарға арналған дорбалар мен түрлі сандықшаларды да өз қолымен жасаған. Ал мына “Шаңырақ” әр үйде ілініп тұруы тиіс. Апаны Петропавлдан бөлек Ресейдің қалаларынан да іздеп келіп, той-домалаққа қажет нәреселерге тапсырыс беріп жатады. Осы қол білгеннің арқасында айына өз зейнет ақымнан екі есе көп табыс тауып отырмын дейді.
Роза Рсаева 4 қыз 1 ұл тәрбиелеген. Ұзатылған қыздарының да жасауын өз қолымен тігіп беріпті. Бүгінде ұлттық өнер ұрпақ сабақтастығына айналып, апайдың ұл-қыздары мен келіндері де тоқу, құрақ құрау сынды бар өнерін меңгерген.
Әлия Рсаева, Роза Рсаеваның немере келіні:
-Мен осы үйге келін болғаныма 4 жыл болды. Ападан үйрегнеім көп. Күнделікті келіп көрпе тігуге көмектесемін. тамақты да кремет әзірлейді. Үгл өсіргенді ұнатады.
Жыл сайын Роза апа Наурыз келді десе көз майын тамызып жасаған ұлттық бұйымдарын арқалап, орталық алаңға шығып саудалауды дәстүрге айналдырған.
Акбопе Танирберген