МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласы “Жанды кітапхана” жобасының қатысушысы атанды

Арсен Әубәкіров – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттер бастауыш кәсіподақтық ұйымының төрағасы:

-Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамда толеранттылықты дамытудың жаңаша әдістерін түсіндіру. Ол үшін жиынға біз прокуратура, ІІД, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жазасын өтеп шыққан адамдарды шақырдық. Яғни, жиынға студенттеріміз күнделікті кездесе бермейтін тұлғалар келіп отыр.

Оқырман ретінде бүгін университет және колледж студенттері мен жас мұғалімдер қатысты. Ал кітаптың рөлін қалалық жол-патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Құсайынов пен қатардағы тәртіп сақшысы Диас Ғазизов атқарды. Олар жастарға өздерінің қызметтері жайлы баяндап берді.

Ринат Құсайынов – Петропавл қаласы ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының командирі:

-Қазіргі кезде тәртіп жиі бұзылады. Қоғамда кей полицейлер мен учаскелік инспекторлар заңды біле қоймайды деген пікір қалыптасқан. Бүгін әңгіме барысында біз бұның барлығы шындыққа сай келмейтінін жеткізуге тырыстық. Түрлі мысалдар келтірдік.

Жиында жол-патрульдік полицейлердің жұмысы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларына толғандырған сұрақтарын қойды.

 

Риат Шони