МТРА жаңалықтары

Жыл басынан СҚО-да қос тұяқтыларды заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркелді

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі:

-Ақпанның 19-ы Жамбыл ауданында 2 браконьер ұсталды. Олар қар кешкіш автомобильді пайдаланып, 2 буаз аналық елік пен сонша ересек елік
ті заңсыз атып алды. Қазіргі таңда браконьерлердің ісін сот қарастыру үстінде. Қылмыстың деңгейіне байланысты жаза қатаңдатылуы мүмкін. Алдағы уақытта сот шешімімен олардың қар кешкіш автомобильі тәркіленеді.

Жыл басынан 20 сібір елігі заңсыз оққа ұшқан. Қорықшылар аталған фактілерге 14 адамның қатысы бар болуы мүмкін деген болжамдарын айтуда. Олар табиғатқа 4,5 млн теңгенің залалын келтірген. Осы күні броконерьлердің ісі сот қарауында жатыр. Кейбіреуі айыппұлдарын өтеу үстінде дейді тисіті ведомсвто өкілдері.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі:

 

-Қазіргі таңда 4,5 млн теңгенің 3/1-і өндіріліп алынды. Негізі қыс мезгілінде аң-құсқа саятшылық құруға болмайды. Заңды елемегендер 5 АЕК мөлшерінде, мемлекет қазынасына мідетті айыппұлды төлейді. Ал аңшлық кезінде қар кешкіш шана, автомобиль, әуе немесе басқа да көлік түрлерін пайдаланса, олар сот шешімімен тәркіленеді. Және айыппұлдың сомасы анағұрлым жоғары болады.

Көктемгі аңшылық маусымы сәуір айының аяғында ашылады. Онда суда жүзетін құстарға, дәлірек айтқанда, үйрек пен құрдың аталықтарын аулауға рұқсат етілмек. Негізі облыс аумағында құстардың 8 түрін заң жүзінде атуға болады.

Берік Қасен