Қанат Жармағанбетов – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
-Бұл мерекенің соңғы күнін біз, наурыздың 13-і Тәуелсіздік стэлласы маңында атап өтеміз. Қызықты ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтарымыз да бар. Алаңда арзан бағамен тәтті-дәмділер сатылады. Концерт ұйымдастырылады.
Масленица мерекесін тойлаудың өз ерекшеліктері бар. Мәселен, дүйсенбі күні туған-туыстар мен дос-жарандар кездессе, ал сейсенбіде ойындар ойналып, сәрсенбі тәтті тағамдар әзірленеді. Аптаның соңғы күнінде кешірім сұрау басталады. Бұл мейрамды жерлестеріміз де барынша тойлауда.
-Осы апта бойы біз мерекені атап жүрміз. Құймақ пісіріп, бір-бірімізді қонаққа шақырамыз.
-Масленицаны біз асыға күтеміз. Достарымызды шақырып, барлығымыз бірге көктемді қарсы аламыз.
-Бұл біздің ұлттық мереке болмаса да, отбасымызбен бірге жексенбі күні алаңға шығып, тойлаймыз.
Айгерим Ержанова