Қоғам

Петропавлда “Білім және сенім көзі” атты көрме ашылды

Валентина Махиня – Барлық Әулиелер храмының кітапханашысы:

-Біз былтыр храм мұрағатынан 6 бірдей кітап тауып алдық. Соның ішіндегі “Церковные ведомости” атты еңбекте жазылған мәліметтер баршамызды таң қалдырды. Туындыда шіркеудің алғашқы кірпіші қаланған күннен бастап біраз қызықты мағлұматтар бар. Тіпті, оның құрылысына қатысқан көпестердің есімдерін де кездестіруге болады.

Православтықтар Рухани кітап күнін наурыздың 14-інде атап өтеді. Өйткені, 1560 жылдың дәл осы уақытында Русь патшасы Иван Грозный өз қарамағындағыларға алғашқы “Апостол” баспа еңбегін шығартады. Сондықтан, бірінші діни кітаптың жарық көрген күні қасиетті саналған.

Антоний әкей – Барлық Әулиелер храмының кілтшісі:

-Көрме православтық “Апостол” кітабының басып шығарылған күніне арналған. Бұл іс-шара қаламызда 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Негізгі мақсатымыз – жиналғандарға православ мәдениетін және рухани салаларын таныту. Ал, тұңғыш діни туынды – “Апостол” біздер үшін қасиетті саналады. Оны оқып, танып-білу – басты міндетіміз.

Жалпы, Петропавлда Рухани кітап күніне арналған “Білім және сенім көзі” атты көрме наурыз бойы өтеді.

 

 

Култанов Байболат