Құқық қорғау органдары

Петропавлда көліктегі иттіне қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші полицейлермен дауласуда

Игорь Григорьев – Петропавл автокөлік клубының өкілі:

-Көлік жүргізушісі ҚР Конституциясының 18-ші бабына сүйене отыра тәртіп сақшысынан қандай құжат негізінде оны тоқтатқандығын сұраған. Өз кезегінде полицей сауалға нақты жауап бере алмады. Өз қатесін мойындаудың орнына темір тұлпар иесіне салон ішінде отырған иттің неліктен қауіпсіздік белдігін тақпағандығын айтқан. Төрт аяқтыға белдік тағу ақылға қонбайтын нәрсе.

Полицейлер болса көлікті тоқтатқан тәртіп сақшысының әрекетін Инвестиция және даму министрлігінің “қол жүгі мен ұсақ жануарларды тасымалдау” туралы бекіткен бұйрығымен түсіндірді.

Шәмшиден Ақышев – СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:

-Онда итттерді, жануаларды, құстарды арнайы клеткада не сумка ішінде тасу керек, яғни такси ішінде. Бұл инспектордың жасаған тек ескертуі ғана. Өстіп тәртіп сақшысы жүргізушіге арнайы қорапшада тасу қажеттігін айтқан.

Қос тарап арасындағы даулы мәселеге қатысты қазіргі уақытта облыстық ішкі істер департамент ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

 

Бакыт Садуакасов