Балалар

Петропавлда “Есіл жағасында-2016” хор шығармашылығы фестивалі өтті

Ал аппақ көйлек пен әдемі жейде киген мына ұл-қыздар «Ақбота» балабақшасының намысын қорғауда. Бүлдіршіндер сайысқа «Жан анам» әнімен келіпті. Қатысушылардың көбі үйлерінде ата-аналарымен бірге дайындалып, жаттығыпты. Солардың бірі – 5 жасар Аделя Ғалым. Кішкентай ару болашақта ән әлемінің жарық жұлдызы болуды армандайды.

Аделя Ғалым – «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушісі:

– Маған ән айтқан ұнайды. Бүгін достарыммен сахнаға шығамын. Бірінші орын алғымыз келеді. Өскенде Роза Рымбаева сияқты болғым келеді.

Өткен жылы бұл байқауда тек мектеп оқушылары ғана өнер көрсеткен. Ал биыл ұйымдастырушылар сайыс тәртібіне біршама өзгертулер енгізіп, балабақша бүлдіршіндерін де шақырып отыр.

Ғалия Мұхамеджанова – облыстық филармонияның камералық хор жетекшісі:


–  Хор – кішкентай балаларды тәртіпке салуға көмектеседі. Олардың дамуына да ықпалын тигізеді.

Байқауға барлығы 17 өнер ұжымы қатысты. Олар алғыс хат және дипломдармен марапатталды.

Айгерим Ержанова