Спорт

Теріскейлік муай-тайшылыр ел чемпионатынан жүлделі оралды

Бұл тәсілдерді жас муай-тайшы Александр Купин жақсы біледі. Жасөспірімнің аталған спорт түрімен айналысқанына 1 жылдан асқан. Ол жуырда өткен ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, өзінің спорттық мансабындағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізіпті.

Александр Купин – муай-тайдан ел біріншілігінің жеңімпазы:


– Алматы қаласында өткен сайыста 67 келіде сынға түстім. Өз өмірімдегі бірінші ірі жарыс болғандықтан бастапқыда қорқыныш болды. Сосын өз-өзімді төбелеске жинақтап, чемпион атануға барымды салдым. Жолым болып, алтын медаль иелендім.

Жалпы, оңтүстік астанада өткен дүбірлі додада өңір намысын 8 жерлесіміз қорғапты. Оның 5-еуі жүлдегерлер қатарынан көрінген. Сондай-ақ, бір спортшымыз ұлттық құраманың қатарына қосылған. Енді муай-тайшы ел намысын әлемдік аренада қорғайтын болады.

Иван Ван-Хон-Тун – муай-тайдан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Ел біріншілігінде спортшыларымыз 2 алтын, 2 күміс 1 қола медаль еншіледі. Бұл өте жақсы нәтиже. Кейбір кездесулерде төрешілердің бүйректері біздің қарсыластарға бұрды. Әйтпегенде, тағы да бірнеше алқа алар ма едік. Ал, Руслан Заякин есімді шәкіртім муай-тайдан ел құрамасының сапына қосылды.

Қазір өңірімізде муай-таймен 200-ден аса спортшы айналысады. Олардың қатарында нәзік жандыларда бар. Шығыс жекпе-жегін жанына серік еткендердің бірі – Розалина Величко. Жасөспірім ел чемпионатында күміс медальды еншілепті.

Розалина Величко – муай-тайдан ел біріншілігінің күміс жүлдегері:

– Өзіме муай-тай спорты ұнайды. Еш қиындығы да қауіпі де жоқ. Жарыста барымыды салып күш сынастым. Алайда, алматылық қарсыласым менен мықты болып шықты. Дегенменде, жетістігіме ризамын.

Енді жерлес муай-тайшылар наурыздың 18-і Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасында өтетін ел чемпионатына дайындалуда.

 

Култанов Байболат