Спорт

СҚО-да шаңғымен бағдарлау спортынан республикалық чемпионат аяқталды

Дүбірлі дода Борки кентіндегі шаңғы базасында наурыздың 4-і мен 7-сі аралығында өтті. Мықтылар орта және алыс қашықтық, спринт, ерлер және әйелдер эстафетасында анықталды. Теріскейлік құрама қоржыны үш алтын, 4 қола және күміс медальдармен майланды. Жалпы қорытынды бойынша солтүстікқазақстандықтар бірінші орынға, елордадан келген қонақтар екінші орынға жайғасты. Ал, Алматылық команда үздік үштікті тұйықтады.

Акбопе Танирберген