Спорт

Солтүстікқазақстандық велошабандоздар Тайвань Турында көш бастады

Солтүстікқазақстандық спортшы Степан Астафьев Тайвань Турының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, бас классификацияда көш бастады. Бұл жарыста “Vino 4-Ever” велоклубына қарсыластарынан барынша озып, “тау шабандозы” жейдесі үшін талас жүргізу міндеті қойылған болатын. Бұл тапсырманы Степан Астафьев мүлтіксіз орындап шықты. 90 шақырымды бағындырған жерлесіміз “тау шабандозының” барлық жейдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, Тайвань Турының екінші кезеңінде үздік ондыққа солтүстікқазақстандық Евгений Гидич та енді. Жалпы “Vino 4-Ever” құрлықтық клубы жалпыкомандалық есепте 20 құраманың ішінде көш бастап тұр. 

 

Риат Шони