Құқық қорғау органдары

Шал ақын ауданында ІІД-нің көшпелі жедел кеңесі өтті

 

Жиында ағымдағы жылдың 2 айындағы аудандағы криминогендік жағдай талқыланды. Мұнда қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны-18,5%-ға азайған. Қылмыстарды ашу көрсеткіші- 5,23 %-ға жақсарыпты. Кездесуде аудан әкімі Ербол Сағдиев жергілікті полиция қызметкерлеріне «Нива» автокөліктерінің кілтін табыс етті. Кейін үздік тәртіп сақшылар алғыс хаттар мен медальдарға ие болды. Нақ осы күні, Сергеев қаласында жаңа аумақтық полиция пункті ашылды.

Магжан Ахмадина