Мәдениет

Петропавлдық сахна төрінде әйгілі “Скамейка” қойылымы көрсетілді

Кеңестік драматург Александр Гельманның “Скамейка” туындысы қиын жолды бастан кешіріп, бір-біріне ашылған ер жігіт пен бойжеткен туралы әңгіме. Комедиялық қойылымды саханалаған актерлер жергілікті көрерменді күлкіге қарық қылды. Өмір болғасын кейіпкерлердің басынан шытырманды оқиғалар да өтеді. Спектакльдің бұл тұсы да көрерменге ой тастады. Енді Мәскеу қаласының тәуелсіз театр труппасы Павлодар қаласына жол тартпақ.

Гоша Куценко – актер, РФ еңбек сіңірген әртісі:

-Бүгін біз үшін кішкентай мерейтой. “Скамейка” спектаклін көрермендерге 111-ші рет көрсетіп отырмыз. Соңғы рет бұл көрініспен Ирландия елінің Дублин қаласында болған едік. Ал, бүгін Петропавлға келдік. Жалпы, бұл туынды Кеңес дәуірінде ең әйгілі комедия болған.

“Скамейка” спектаклі солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты.

 

Сагыныш Маркашева