Спорт

Петеропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ҚР чемпионаты өтуде

Сүйіндік Кәденов,жарысқа қатысушы, Павлодар облысы:

-5 км қашықтықты жүріп өттім. Ауа райы да жақсы. Бірақ шаңғым аязды күндерге арналғандықтан, аса тез сырғи қоймады. Спорт денсаулыққа пайдалы.

Ал Петропавлдың намысын 12 спортшы қорғауда. Оның ең кішісі 12 жастағы Сандуғаш Молдағалиева. Бүлдіршініің алдына қойған мақсаты биік.

Сандуғаш Молдағалиева, жарысқөа қатысушы, СҚО:

-Маған қиын болған жоқ. Көп дайындалдым. Чемпион болғым келеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ҚР чемпионаты 2 күнге жалғасады.

Ерназар Бексұлтанов, Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы:

-Бұл іріктеу кезеңі десек болады. Жеңімпаз осы айдың аяғында өтетін халықаралық чемпионатқа жодама алады.

Қорытынды бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен медаль табысталмақ.

 

 

Акбопе Танирберген