Қоғам

Петропавлда “Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алғыс күніне” арналған форум ұйымдастырылды

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

-Біздің ең басты мақсатымыз – қазақ халқында қалыптасып келе жатқан қайырымдылық, мейірімділік, сыйластықты ешқашан өшірмеуіміз керек. Және биыл Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арнадық, ол өз еңбектерінде жақсылық жайында артына көп мұра қалдырып кетті.

Жиында “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері арасында өткізген байқау қорытындысы жарияланды. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орайластырылған эссе-шығарма сайысында 7-ші сынып оқушысы Дарина Батенова 1-ші орынды жеңіп алды.

Дарина Башенова – “Қазақстан – Менің Отаным” эссе-шығарма байқауының жеңімпазы:

-Өз эссемде Қазақстанға деген махабатты және Жамбыл туралы көп сөз қостым. Біз оны құрметтейміз, мақтан тұтамыз. Менің ойымша біздің жас буын Жамбыл атамыз сияқты үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсетулері тиіс.

Жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар елімізде мекен етіп жатқан ұлттардың салт-дәстүрін паш етіп, өнерлерін ортаға салды.

 

 

Бакыт Садуакасов