МТРА жаңалықтары

Сайлау күні өңірімізде 709 байқаушы жұмыс істейтін болады.

Сергей Худяков- сайлауды бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының жетекшісі:

-Байқаушылар өткен жылы арнайы оқудан өтіп, ауқымды дайындық шараларын жүргізгенбіз. Сондықтан биыл олардың жұмыстарын тағы бір еске салуды жөн санадық. Оларға арнайы куәліктер беріліп, күнтізбелер таратылатын болады. Сайлау күні не істеу қажеттігі, міндеті мен құқығы еске салынады.

Сонымен, саяси науқан күні өңірімізде 709 байқаушы жұмыс жасайтын болады.

Динара Сатжан- сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі:

-Біз барлық аймақтардағы комиссияларды көріп жүрміз. Участоктардың даярлығы және комиссиялардың жұмысын бақылаймыз. Қадағалаушыларға арналған оқыту сеимнарларына қатысып, оларға кеңестер беретін боламыз.  

Мемлекеттік емес ұйымдардың белсенділерінен жасақталған байқаушылар сайлау участоктарына өзгелерден бұрын келіп, барлығының талапқа сай екендігін тексерулері керек. Олар саяси маңызы бар науқанда орын алған заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, оның алдын алу жұмыстарымен де айналысатын болады.

 

 

Магжан Ахмадина