Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Мерзімі өткен тауарлар мектеп асханасынан да табылды

Бұдан кейін, ІІБ қызметкерлері дүкен сөрелерінен мерзімі өтіп кеткен бұқтырылған ет, консервіленген жеміс пен балаларға арналған ірімшік кездестірген. Сондай-ақ, Петропавлдағы Қазақ мектеп-гимназиясынан тетропакеттелген шырындар табылып отыр. Асхана қызметшілерінің айтуынша, балалар ол сусындарды ішіп үлгермеген.

Себебі, мектептің бұл тауар жеткізуші-фирмамен жұмыс жасай бастағанына көп болмапты. Олар бір қораптағы шырынды 100 теңгеге, яғни арзан бағасына қызығып сатып алған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаладағы сауда орындарында тексеріс жұмыстарын жалғастыруда.

 

Акбопе Танирберген