МТРА жаңалықтары

“ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесіне қатысушы ерікті жастар шаһардағы сауда орындарында “Қазастанда жасалған” логотипі бар парақшаларды таратты

Бұл жолы халықаралық көрмеге баратын еріктілер осы мақсатпен “Рахмет” сауда үйіндегі “Северный-2” дүкеніне соқты. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған шарапаты мол істен солтүстікқазақстандық тауар өндірушілер де қалыс қалып жатқан жоқ. Қазір облыс аумағындағы халық саны үзілмейтін 2,5 мың сауда нүктелерінде нақ осы сауда белгісі бар тауарлар жайғастырылған. Сондай-ақ “Қазақстанда жасалған” логотипін теріскейде апта сайын өткізілетін ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріндегі сөрелерден де кезіктіруге болады. Сауалнама барысында жерлестеріміздің таңдауы облыста шығарылған тауарларға түсетіндігі белгілі болды.

– Өз басым отандық өнімді қолдаймын. Себебі бұл өзімізге бағасы жағынан әрі өнімділігі жағынан өзімізде шығарылғандықтан қолжетімді болып табылады. Сондықтан отандық өнімді қолдаймын.

– Әрине мүмкіндігінше Солтүстік Қазақстанда жасалған тауарларды сатып аламын. Көбіне сүтті “Зенченко и К” КС шығаратын өнімді таңдаймын.

 

Бакыт Садуакасов