МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы католиктер шіркеуінің салынғанына 100 жыл

 

 

 

 

Бұл католик шіркеуі  – Петропавлда сақталып қалған ең көне ғибадатхана. Іргетасы 20 ғасырдың басында қаланған дін ошағы мерейтойды мәдени іс-шаралар және қасиетті мессамен ашты.


Павел Чеплак, Польшаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
-Біз Қазақстан поляктары мен католик жамағаты үшін өте маңызды мерекені атап отырмыз.
Мына костелді поляктар 100 жыл бұрын қалады. Мен поляк мәдени қауымдастығының жақсы қарқынмен дамып келе жатқанына қуаныштымын.


Үлкен мерейтой аясында костелде мұражай ашылды. Онда С
олтүстік Қазақстанға  католик ағымының келуіне сеп болған адамдардың   киімдері қойылған. Мұражай сөрелерінде бағзы замандағы қолтаңбаларды да кездестіруге болады. Сондай ең құнды экспонаттардың бірі – 1763 жылы басылған кітап. Костел алғашында ағаштан жасалған. Ол кезде оның құрамында жексенбілік мектеп те болған. Кейін католиктердің қаржысына ағаш ғимараттың қасынан кірпіштен өрілген костёл тұрғызылды.

Анджей Михонь, костел қызметкері:
-1922 жылы мұнда шіркеу қызметкері мен он діндар адам қасақана өлтірілген.
Кейін мұнда қойма, балабақша, музыка мектебі болған. Шіркеу католиктерге тек 90-шы жылы қайтарылды. Енді халық құдай үйінде қайтадан құлшылық ете алады.


Саяси қуғын-сүргін жылдары мыңдаған поляктар сталиндік солақай саясаттың құрбаны болып кетті. 30-шы  жылдары 250 мыңға жуық неміс пен поляк біздің облысқа жер аударылған.