Спорт

“Құлагер” ХК “Алматы” командасынан басым түсті

Бұған жауап ретінде теріскейліктер Иван Иванов пен Алексей Коптяевтің шайбаларымен жауап берді. Бірақ Белан шәкірттері бұл есепті матчтың соңына дейін сақтап қала алмады. Кездесудің аяқталуына 15 секунд қалғанда Андрей Огородников текетіресті овер таймға дейін жеткізді. Қосымша 5 минутта бірде-бір команда шайба дарыта алмады. Матч тағдыры кездесу соңындағы буллиттар сериясында шешілді. Бұл лотореяда теріскейліктер сапынан Антон Дубинин ерекшеленіп, 2 ұпайды қоржынға салды. Аталған жеңістен кейін Құлагер командасы турнирлік кестеде 96 ұпаймен 3 орынға тұрақтады. Қос құрама арасындағы қарымта кездесу бүгін кешкі сағат 7-де өтеді.

Риат Шони