МТРА жаңалықтары

Абайлаңыз, көктайғақ!

Ал оқыс оқиғаларды болдырмас үшін, 1 және 11 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылды. Көктайғақ зардабын көлік иелері де тартуда. Темір тұлпар тізгініне ие бола алмай жанталасқан жүргізушілерді қала көшелерінде көптеп кездестіруге болады. Жалпы осы күндері облыс бойынша 20-ға жуық апат орын алған. Қала көшелерінде жүру мүмкін емес. Шалынып құлап, жатқандар қаншама? Кеше 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне 76 адам шағымданған. Ал бүгін бұл сан одан сайын өсе түсті дейді ақ халаттылар. Синоптиктер болса, апта соңына дейін осындай жылы ауа райы сақталады деп отыр.

–  Үйден шыққалы екі рет құлап қалдым. Дала тайғанақ. Жүру қиын. Бірақ, қазір шамалы құм төсеген сияқты.

–  Көшелер өте тайғанақ. Әсіресе, аялдамалар маңы кәдімгідей сырғанақ алаңы сияқты. Автобусқа әрең шығып-кіресің. Кішкене болсын құм себу керек қой.

–  Көшеде өте ақырын жүру керек. Тайғанақ. Жететін жеріме уақытылы жету үшін міне әдейі ертерек шықтым.

Магжан Ахмадина