Спорт

Жерлес велошабандоздар жарады

Ол 208 шақырымда қарсыластарын шаң қаптырып чемпион атанды. Ал, жеңімпаздан 16 секундқа кешіккен құраманың тағы да бір мүшесі Евгений Гидич екінші орынды қанағат тұтты. Дәл қазір қос спортшы велокөпкүндіктің кестесінде көш бастап тұр. Біздің ұжымның жігіттері жекелей сында бір алтын мен күміс медальды олжаласа, командалық сайыста да үздік деп танылды. Айта кеткен жөн, Олег Земляков додадағы “тау велошабандозы” аталымында үздік атанды, екінші орынды теріскейлік спортшы Жандос Бижігітов иемденді.

Култанов Байболат