Спорт

Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер ел біріншілігінен олжалы оралды

Спортшылар Өскемен қаласында өткен ел біріншілігіне аттанбас бұрын осылайша тыңғылықты дайындалыпты. Төккен тер міне ақталды дейді жеңіл атлетикадан облыс құрамасы жаттықтырушысының көмекшісі Наталья Фролова.

Наталья Фролова – жеңіл атлетикадан облыс құрамасы жаттықтырушысының көмекшісі:

– Ақпанның 13-і мен 14-і аралығында өткен ел біріншілігіне дайындық барысында біз күніне екі реттен жаттығу жасадық. Таңертен дене қыздырсақ, кешке спортшыларды алыс қышықтыққа жүгіртіп, көрсеткіштерін уақытпен бағалап отырдық. Жалпы, жеңіл атлеттерге көңіліміз толды. Енді келесі жарыстарда биік белестерге жетеді деген сенімдемін.

Еліміздің шығысында өткен байрақты бәсекеде өңір намысын 4 жасөспірім қорғапты. Олардың барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінген. Үш жерлесіміз алтынға қол жеткізсе, біреуі қоланы қанағат тұтқан екен. Әсіресе, 2 мың метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірген Лада Фомина қарсыластарының барлығын шаң қаптырып чемпионат жеңімпазы атанған.

Лада Фомина – жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел чемпионатының жеңімпазы:

– Чемпионатқа қатысу мен үшін аса қиынға соққан соқ. Жарыс жолына шыққанда бар күшімді бірден салмай, барлығын есептеп отырдым. Басқа спортшылар маған қарсылық көрсете алмады. Осылайша 2 мың метрді 6 минут 55 секундта бағындырдым. Бұл – менің жеке рекордым.

Енді солтүстікқазақстандық спортшылар Вьетнам мемлекетінде маусым айында өтетін Азия чемпионатында бақ сынамақ. Ал, одан жолдары болып лицензия алып жатса Польшада жалауын желбірететін әлем біріншілігінде өнер көрсетпек.

 

Култанов Байболат