МТРА жаңалықтары

Нұр Отандықтар ЕС-164/3 мекемесімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде меморандум жасасты

Негізі мұнда 30-дан астам адам еңбек етеді. Олардың арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу өте маңызды. Себебі түзету мекемесінің қызметкерлері темір торға тоғытылғандарды тәрбиелеп, өздерін үлгіге қояды. Осы ретте “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ЕС-164/9 мекемесімен бірігіп меморандум жасасты.

Данияр Әбутәліп – “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– ЕС-164/3 біз меморандум жасасқан алғашқы мекеме. Алдағы уақытта бірігіп жемқорлықпен күресетін боламыз.


Меморандум аясында қос тарап бір жылға арнайы жоспар құрыпты. Алдағы уақытта құжатта бекітілген жұмыстарды мекеме “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалымен бірігіп атқармақ.

Жангелді Хасенов – ЕС-164/9 мекемесінің бастығы:

– Меморандум аясында 3 ай сайын партиялықтар бізге келіп дәріс оқиды, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Қазіргі таңда Қызылжар ауданында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша арнайы қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Оған 7 адам мүшелік етеді екен.

 

Риат Шони