Денсаулық сақтау

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Қадырбек Болатбаев – “СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС директоры:

-Біз облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен, ішкі істер департаментімен бірігіп арнайы жоба құрастырдық. Олармен меморандум жасасу да ойда бар. Бұйыртса, түрлі ауқымды спорттық іс-шаралар ұйымдастырмақшымыз. Бізде көбіне адамдардың жарақат алуы жиі болып жатады. Осы ретте өңір полицейлерімен бірге жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарын өткізуді жоспарлаудамыз.

Өткен жылы мұнда 5 мыңнан астам жерлесімізге түрлі қызмет көрсетілген. Оның негізгі бөлігін медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек құрайды.
Сондай-ақ, бұл жерде жастарға арналған орталық жанынан ашылған тренажер залы да жұмыс істейді. Онда кез келген жастағы адам шыныға алады.

Артур Банных – №4 орта мектеп оқушысы:

-Менің мұнда келіп жүргеніме 3 ай болды. Өзім үшін спортпен шұғылданудың маңызын білемін. Өйткені, денең шыныққан болса сен ешқашан ауырмайсың.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде. Көбіне адамдар салуатты өмір салтын ұстамағандықтан денсаулықтары сыр беріп жатады. Бұл ретте жерлестеріміздің де ойын сұрастырып білдік.

-Спортпен күнделікті шұғылдансаң, одан асқан ем жоқ. Денсаулыққа аса мән беру керек.

-Мен көбіне халықтық медицинаға емес дәрігерге сенемін. Қандай рецепт жазып берсе, соны қабылдаймын. Өйткені, сала маманы өзінің ісін жақсы біледі.

 

 

Риат Шони