Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы қазақ-түрік лицейіне – 5 жыл

 

 

 

 

 

Бүгінде қазақ-түрік лицейі өңіріміздегі алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі. Төрт тілді еркін меңгерген жас ұрпақты тәрбиелейтін оқу орнының ашылғанына биыл бес жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мектеп оқушылары облыстық олимпиадада -75, республикалық деңгейде – 5 жүлделі орын, өңірлік ғылыми жобалар байқауында – 20 және халықаралық додаларда 16 орын иеленген. Бұл осынау аз ғана уақытта мектеп мұғалімдері мен шәкірттері жеткен   жетістік.

 Ахмет Гази Чолак, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры:
– Қазақ-түрік лицейі СҚО 2006 жылы ашылды. Биыл алғашқы мерейтойымызды тойлап отырмыз. Бес жыл болды. Бүгін алғашқы түлектерімізді қанаттандырмақшымыз мерейтоймен бірге. Жалпы жетістігіміз жақсы. Мектепте оқу 60 пайыз ағылшын тілінде жүреді.

Мектеп ұстаздары мен оқушыларын мерейтоймен облыс әкімі Серік Біләлов құттықтап, осы уақытта қол жеткізген табыстардың  үлкен еңбек пен зор талаптың жемісі екенін атап өтті.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Еліміз егемендік алғалы білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер өріс алуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың жан-жақты білім алуына үнемі қолдау көрсетуде. Облыста осыдан бес жыл бұрын қазақ-түрік лицейінің ашылуы осының дәлелі. Бес жыл ішінде республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 10 алтын, 9 күміс , 2 қолаға ие болу – біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздер тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына елеулі үлес қосады деген сенімдемін.

Өңір басшысы лицейге үлкен сыйлық жасады. Бір миллион теңге мектепте тренажер залын жабдықтауға жұмсалатын болады.  Биыл мерейтой жылында қазақ-түлік лицейі тұңғыш түлектерін ұшырып отыр. Үлкен өмірге 75 жас қанат қақпақ. Соның ішінде 17-сі “Алтын белгіден” үміткер, 11 түлек ерекше үлгідегі аттестат алғалы отыр. Енді мектепте алған білімдері таразыға түсетін алда үлкен сын тұр. Түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтауды мақсат етіп қойған.
Мінеки, балғын балалық шаққа «қош» дегізіп, жүректі тербеген соңғы қоңырау сыңғыр қақты. Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған балалар енді алтын ұясымен мәңгілік қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұр. Көңілде – қимастық, әрине.
Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Ал ата-ана кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ер жеткеніне қуанады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге санаулы күндер қалды. Мектеп ұстаздары мен түлектері бұл сыннан сүрінбей өтіп, үлкен нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр.
Айымгүл Әбілева