Қоғам

Ұрпақтар сабақтастығы

 

Кездесуге ардагерлер кеңесінің мүшелері, өңіріміздің дамып, өркендеуіне үлесін қосқан азаматтар мен кейінгі буын өкілдері жиылды. Ортақ тақырып – туған өлке тарихы мен жастардың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу мәселесі.

Махаббат Есембаева, “Әлеуметтік жобалар” ҚЖҚ төрағасы:
– Шараның басты мақсаты- жастарды ардагерлердің еңбектерімен таныстыру, олардан үлгі-өнеге алу. Мұндай шараларды әлі де өткізбекпіз.

Жиында жастардың әлеуметтік, азаматтық белсендігін арттыру мәселесі де сөз болды. Бұл ретте аға буын өкілдері өздерінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, жастарды өңіріміздің тарихынан құлағдар етті. Кейінгі буын өкілдері мұндай кездесулердің маңызы зор дейді.

Рүстем Есенбергенов, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы “Жас Отан” ЖҚ төрағасы:
– Біз қариялармыздан үлгі аламыз. Кездесуде көптеген тақырып қамтылды. Әсіресе, жастардың Отанымыздың лайықты азаматы болуы мәселесі де сөз болды.

Сондай-ақ аталмыш шара 2 ардагердің мерейтойымен тұспа-тұс келген екен. Жиылған қауым сексеннің сеңгіріне сергек шыққан Анастасия Анисимова мен Жоламан Сақыпкереевті құттықтап, шағын сыйлықтар табыс етті. Қариялар бұл ілтипатқа ризашылықтарын білдірді.

Жоламан Сақыпкереев, еңбек ардагері:
– Жастар бізден Отанға адал қызмет етуге үйрене алады. Сондықтан осылай жиі бас қосуымыз керек. Себебі жастар біздің болашағымыз.

Алдағы уақытта да мұндай шаралар жастар мен аға буын өкілдерінің арасындағы байланысты нығайта түспек.

 Инеш Шоқақова