Қоғам

Петропавлдықтардың өтініштері толығымен орындалған

Қала әкімінің осындай 5 жиынында тұрғындардан келіп түскен 165 ұсыныс-шағымның барлығы шешілген. Өтініштердің басым бөлігі, яғни 73 пайызы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты. Айта кетсек, петропавлдықтар аббаттандыру, жолдарды жөндеу, ескі ағаштарды кесу және баспаналарды жөндеуден өткізу мәселелерін көтерген.

Асхат Бакеев- Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы:

-Су ағарларды жөндеуге, тазартуға қатысты 6 өтініш өз шешімін тапты. Қар шығару жұмыстары жүргізілді. Ескі ағаштарды кесу жөнінде айтылған барлық 8 ұсыныс орындалды. Автобус бағыттарын ұзарту бойынша түскен 16 шағым да кездесу барысында шешілді.

 

Магжан Ахмадина