Спорт

Баскетбодан облыстық чемпионат аяқталды

Қазір доп 7-ші нөмірлі Валентин Дривеньде. Оның баскетболмен айналысқанына 6 жыл. Бұл ойында бастысы – өзіңе сенімді болып, жаттықтырушының кеңесін естен шығармау дейді ол.

Валентин Дривень, жарысқа қатысушы, Шал ақын ауданы:

-Екі аптадай дайындалдым. Диагональ, қосарланған ернеу, тосқауыл, блок сынды тактикаларды меңгердім. Қарсыластар өте мықты. Әр құраманың дайындығы әрқалай.

Кездесу шалақындықтардың пайдасына шешілді. Есеп 35:11. Ал жалпы чемпионанттың қорытындысында олар 3-ші орынға тұрақтады.

Руслан Сарсенбаев, БЖСМ жұмысы жөніндегі оқу-әдістемелік орталық директорының міндетін атқарушы:

-Біз облыс құрамасына енетін шын мықтыны анықтаймыз. Кейін олар республикалық чемпионатқа қатысатын болады. Қазіргі уақытта баскетболдың дамуы үшін өңірде жағдай жасалған. Мәселен, облыс әкімінің бастамасымен кәсіби баскетбол клубы ашылды.

Ал үш күнге жалғасқан жарыста облыстық чемпионаттың жеңімпаздары болып «Барыс» БЖСМ танылды.

 

 

Акбопе Танирберген