Айгерім Қайырбай – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 9-сынып оқушысы:
-Көркем гимнастикамен 3 жасымнан айналысамын. Бұл спортқа мен ата-анам әкелді. Өзіме ұнайды. Болашақта Әлия Юсупова сияқты үлкен жетістікке жеткім келеді. Ол үшін мен көптеп еңбектенемін.
Бұл додада өңір намысын 18 спортшы қорғаған. Жүлделі орынды оның 13-і иеленді.
Жалпы бүгінде облысымызда көркем гимнастикамен 200-ден астам қыз шұғылданады екен. Оның 50-і – аталған спортқа бертін келгендері. Ал гимнастшыларды 9 бапкер күніне 3-4 сағаттан жаттықтырады екен.
Денис Виноградов – СҚО көркем гимнастика федерациясының президенті:
-Қазақстан үміттері» атты ашық чемпионатқа мықты деген спортшылар жиналды. Гимнастшылар Ресей мен Қырғызстаннан да келді. Палодарда өткен жарыстан қыздарымыз 3 алтын, 4 күміс пен 3 қола медаль әкелді. Топтық жаттығуда біздің құрама Алматы мен Тараз қалаларының үздіктерін артқа тастап 2-ші орынды иеленді. Бұл – жоғары көрсеткіш.
-Енді шамамен 10 күннен кейін қыздар дәл осы құраммен Астана қаласына жол тартады. Елордада солтүстікқазақстандық көркем гимнастшылар ҚР чемпионы атағы үшін бақ сынаспақ.
Айгерим Ержанова