Спорт

Петропавлда отандық спортты дамыту жайында студенттермен кездесу өтті

Жалпы қазіргі таңда облыста 160 мыңнан астам адам салауатты өмір салтын ұстанады, бұл жалпы халықтың 28,4 пайызын құрайды. Жастарды спортқа тарту мақсатында өңірде 60-тан астам түрлі мектептер жұмыс істейді. Аймақта қысқы спорт түрлеріне де назар аударылуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен 91 хоккей корты салынса, 21-і қайта құрылыпты.

Қазір олардың жалпы саны 391-ді құрайды. Сонымен қатар теңбіл допты құмартатындар үшін 231 шағын-футбол алаңдары қолданысқа берілді. Бүгінде аймақта 77 спорт түрі бар екен. Салауатты өмір салтын ұстанып, кәсіби спортпен айналысуға жастардың қызығушылығы оянуда.

Руслан Сәрсенбаев – БЖСМ жұмысы жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Сонымен қатар, жиында ұлттық спортты дамыту жайында әңгімеледік. Бұл бағытта облыс әкімінің қолдауының арқасында жастар сарайында арнайы бөлмелер бөлінді. Онда қазір қазақша күрес, тоғыз құмалақ сынды ойындарды ойнауға болады.

 

Риат Шони