Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ кезектен тыс XXIII конференциясы өтті

Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын талқылауда. Елбасы ауқымды жиында партиялықтар алдында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осынау қысылтаяң кезеңде, әсіресе ұлтаралық келісімді сақтап, барлық салаларда өсімді қамтамасыз ету керек. Экономиканы еселей түсетін секторларға басымдық берген жөн. Солтүстікқазақстандықтар ұлт көшбасшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

-Біздің облыс үнемі ауыл шаруашылығында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді. Осы бағытта әрі қарай да жұмыс жасайтын боламыз. Қазір біз тек егін егуді ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерді жыл бойғы еңбекпен қамтуға бағытталған мал шаруашылығын дамытуды да қолға алдық. Көптеген кәсіпорындарда ол жүйелі жұмыс жасап жатыр. Ендігі мақсат ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеуге үлкен мән беру.

Бүгіндері ісін ашамын, дамытамын деген бизнесмендерге мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Сондықтан әр кәсіпкер сол қолдауды барынша пайдаланып қалуға ұмтылуы тиіс. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті де дамыта түсу маңызды.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

-Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті барлық салаларда қолдануға тырысу қажет. Әсіресе инфрақұрылымдық дамуда. Өткен жылы біз осы әдісті қолдану арқалы балабақшалар ашып, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамтыдық.

Кездесуде білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері баяндама жасап, тәуелсіздік алған жылдардан еліміздің қол жеткізген табыстарына тоқталды. Конференцияның күн тәртібіне енгізілген екінші сауал да жиылғандардың бірауыздан қолдауына ие болды. Сөйтіп жиында облыстық мәслихат депутаттығына “Нұр Отан” партиясының атынан ұсынылған үміткерлердің тізімі бекітілді.

 

 

Магжан Ахмадина