МТРА жаңалықтары

Су тартқыш құрыблардың үздіксіз жұмысы

Иван Михайлик-Ойқала ауданынң тұрығыны:

-Анау колонка жиі қатып қалады. Мамандар үнемі келіп жылытып тұрады. Сол уақытта біз мына жерге су алуға келеміз.

Виктор Екимов-Ойқала ауданынң тұрығыны:

-Мен су алу үшін анау жақтан осында үнемі келемін. Мына колонка жақсы, үнемі істеп тұрады. Қатпайды.

Қалада «Қызылжар су» серіктестігіне тиесілі 555 су тартқыш құдық бар екен. Оларды жөндеу, ауыстыру және жылытумен 13 адамнан құралған бригада айналысады. Арнайы техника да жасақталған. Жалпы қыс маусымы басталғалы петропавлдықтардан колонкалардың қатып қалуына қатысты 433 шағым келіп түсіпті. Олар бірден шешімін тапқан.

Арман Сауытов – «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

-Егер құдықтың тұтқасы тез-тез 3-4 рет басылса, қаптамадағы су нөлдік температураға жетіп, қатып қалады. Сондықтан, ең аз дегенде 5 литр су алу керек. Сутартқыш құдықтың ішкі корпусында құбыр-штанга орналасқан, тіршілік көзі сол арқылы беріледі. Құдықтан суды алу үшін тұтқаны басқанда, біз клапанды ашамыз. Сонда құбырдағы қысым арқылы құдыққа су жіберіледі. Клапан ашылғанда эжектор іске қосылады. Ол құдық корпусында қалған тіршілік көзін тартып алады.

Бұдан бөлек кәсіпорын ағымдағы жылы кәріздік құбырлардың 60 шақырымын тазалап, қалыпқа келтірген. Оның барлығы заманауи техниканың арқасында мүмкін болған.

Арман Сауытов – «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

-Бүгіндері бізде 240 шақырым кәріздік желі бар. Соның 118-і ішкі жүйелер болса, қалғаны – коллекторлар. Жаз айларында біз 40 шақырымды жуып-шаю жұмыстарынан өткізу керек едік. Бірақ, біз техниканың арқасында 60 шақырымында тазалады. Келешекте тағы Кау машиналарын алып, құбырларда жуып-шаю шараларын жүргізетін боламыз. Ол апаттардың санын азайтып, қызмет көрсету сапасын жақсартады.

Бүгіндері мекеме көктемгі су тасқынына қарсы шараларды да қолға алған. Су өткізгіш құбырлар тексеріліп, тиісті материалдар әзірленуде.

 

 

Магжан Ахмадина