Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК сырт алаңда “ШҚО” командасын қос ойында тізе бүктірді

Алғашқы ойында Иван Иванов пен Максим Горечишников қос шайба салып, теріскейліктерді жеңіске жеткізді. Сол кеште петропавлдық клубтың қақпасын қорғаған американдық голкипер Джон Мюррей “Шығыс Қазақстан облысы” хоккейшілерін әбден діңкелетті. Айдын иелері үш кезең бойы 37 соққы бағыттаса да, Мюррейден айлаларын асыра алмады. Екінші күнгі кездесуде айдын иелері басымдық танытты. Өскемендік ұжымның сапынан алғашқы болып Никита Меренков шайба салды.

Бұған жауапты екінші периодта Антон Дубинин қайтарып, есепті теңестірді. Бірақ, намысқа тырысқан шығысқазақстандық хоккейшілер Юрий Иванченконың арқасында тағы да алға шықты. Ал үшінші периодта “Құлагер” командасының сапынан Кристапс Ниманис пен Александр Егоров бір шайбадан салып, петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Енді сырт алаңда қос жеңіске жетіп, 6 ұпай еншілеген құлагерліктер 89 баллмен 4-ші орыннан 3-шіге көтерілді. Жерлестеріміздің келесі ойыны Спорт сарайында ақпанның 18-і мен 19-ы күндері өтеді. Қос кездесу сағат 17-00-де басталады.

 

Риат Шони