Сергей Худяков, СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:
-Қазір 30 ПИК төрағасы порталдағы жеке кабинетке кіріп, өз беттерінше үй жайлы ақпараттарды жаңартып, құжаттардың көшірмелерін орналастыра алады. Енді олар орын алған өзгерістерді әр тұрғынға жеке-жеке хабарламайды. Барлық жаңалықтар мен хабарландыруларды сайт бетіне орналастырса болғаны, әр пәтер иесі кіріп өзі оқып алады.
Ал, ұйым жетекшісін сайлау үшін дауыс беріп, порталда жарияланған ақпараттардың астына пікір қалдырамын десеңіз арнайы логин мен құпиясөз керек. Бұл үшін мынадай жазбаша сауалнаманы толтыру шарт.
Сергей Худяков, СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:
-Төраға мен тұрғындардың арасындағы дау жиі туындап тұрады. Бұл пәтер иелерінің тұрғын үйдің қандай жөндеу жұмысын қажет ететінін, өздерінен жиналатын ақшаның қайда жұмсалатынын білмеуі салдарынан орын алады. Тұрғындарды көбірек ақпараттандырсақ олар ұйым жетекшісімен бірігіп, келісіп жұмыс жасайды.
Жамбыл көшесіндегі 152-үйдің тұрғыны Дарья Викторенко порталдың құрылғаны біз үшін өте ыңғайлы дейді.
Дарья Викторенко, Ж.Жабаев көшесі, 152-үйдің тұрғыны:
-Бізді көбіне көбіне жинаған қаражаттың қайда кететіні ойландырады. Ал, төраға оның еден жуушы мен аула сыпырушыға төленетінін айтады. Сондықтан, мұндай порталдың құрылғаны жақсы болды.
Айта кеткен жөн, шаһарда бір мыңнан артық көпқабатты үй бар. Барлық тұрғындар өз баспаналары жайлы негізгі ақпараттарға портал арқылы қол жеткізе алады. Петропавл ПИК төрағасы мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың мұндай форматын ұсынып отырған республикадағы жалғыз қала.
Акбопе Танирберген