Денсаулық сақтау

Жас мамандарға мемлекет қолдау көрсетуде

Әсемгүл Пилявская,Облыстық аурухананың отоларинголог-дәрігері:

-Жолдасым екеуміз ауруханаға «Жұмыспен қамтудың жол қартасы 2020» бағдарламасы арқылы орналастық. Дәл осы бағдарламаның арқасында – Мәскеуге біліктілікті арттыру курысына барып келдім. Бағдарламаның тигізген тағы бір шарапаты жас отбасы ретінде баспанаға қол жеткіздік. Бұл біз сиқты жастарға өте қолайлы.

Ал, Артем Пилявский жан сақтау бөлімінде жұмыс істейді. Күніне бірнеше оталарға қатысады.

Артем Пилявский, Облыстық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

-Жұмысым өзіме ұнайды. Қызметімді алаңсыз атқарудамын. Бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасы. Көбіне хирургиялық оталарды орындаймыз. Бір күнде бірнеше рет наркоз қоятын кездер болады.

Облыстық аурухананың бас дәрігері: «Мұндағы жас мамандардың барлығына дерлік мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген, бұл олардың жұмысқа деген құлшынысын арттырады»,- дейді.

Юрий Белоног, Облыстық аурухананың бас дәрігері:

-Биылғы жылы облыстық ауруханаға 5 жас маман орналасты. Оның бірі Пилявскийлер отбасы. Оларға баспана берілді. Ал өзгелері 400 мың теңге қолдау қаражатқа ие болды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасының шарапатын көріп отырмыз.

Бас дәрігердің айтуынша алдағы уақытта да облыстық ауруханадағы ақ халатттылар қатары жас мамандармен толықпақ.

 

Акбопе Танирберген