Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ көктемгі егін себу жұмыстарын қаржыландыруда

Вячеслав Баланбаев – “Солтүстік-Жер” ЖШС бас директоры, Жамбыл ауданы:

-Серіктестіктің құрылғанына биыл 17 жыл. Осы уақыт аралығында шаруа қожалығым аяғына нық тұрды. Жыл сайын осындай төмен пайызбен несие беру мүмкіндігіне ие боламыз. Оның арқасында жанар-жағармай, техникаға қажетті саймандарды сатып ала аламыз. Соңғы бес жылда өз жерімде гектарынан 14-15 центнер көлемінде дақыл алып жүрмін.

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ жыл сайын шаруа қожалықтарына ел қазынасынан көктемгі дала жұмыстары және егін жинау науқаны үшін қаржылай көмек көрсетеді. Несие 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал ақшаның ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бекіткені бойынша 1 гектарға арналған шамасы бар. Мысалы тары үшін ол 40 мың 269 теңгені құрайды.

Алмат Қожахметов – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚФ директорының орынбасары:

-Өткен 2015 жылы біз өңір бойынша көктемгі дала және егін жинау науқанына 15 шаруа қожалығын қаржыландырдық. Жалпы сома 4 млрд 462 млн теңгені құрады. Биылда ұсыныстар көп келуде. Әзірге 1 млрд 526 млн теңге несие берілді. Ал жоспар бойынша тағы 3 млрд теңге қаржылай көмек көрсетеміз деп ойлаймын.

Биылғы жылы несиелеудің мерзімі желтоқсанның біріне дейін созылады. Қарызға ақша алу үшін кәсіпкерлерге кепілдікті екінші деңгейлі банктер береді.

 

 

Риат Шони