Мәдениет

Петропавлда балалар арасында би фестивалі өтті

Аружан Жолболды – байқауға қатысушы:

-Мен бимен алты жасымнан бастап айналысамын. Үйдегі ата-анам, ағам билейді. Өзіме билеген ұнайды.

Жалпы мерекелік іс-шараға 6 мен 17 жас аралығындағы өнерпаздар қатысуда. Олар залға жиналған көрермендерге түрлі жанрдағы билерді ұсынды. Жас таланттар, тіпті сахнада 80-інші жылдары танымал болған “Диско” биін де нақышына келтіре орындады.

Наталья Дементьева – мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар- жасөспірімдер орталығының әдіскері:

-Бүгінгі фестивалге биді жаны сүйетін жас өнерпаздар қатысуда. Біз осындай шаралар арқылы оларды сахнаға бейімдейміз. Енді ақпан айының соңында қаламыздағы әнші-бишілердің арасында “Үш жұлдыз” байқауын өткіземіз.

“Жастар күніне” арналған би фестивалі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған қаламыздағы 20 балалар мен жасөспірімдер клубтарынан 100-ге жуық өнерпаз қатысты.

 

 

Култанов Байболат