МТРА жаңалықтары

“Асыл мұра” орталығына – 15 жыл

Олар әр кезеңде халқына еңбек сіңіріп, бірақ кейінгі ұрпаққа белгісіз болып қалған солтүстікқазақстандықтарды әйгілеу мақсатында Томск, Омбы, Қарағанды, Көкшетау архивтерін ақтарып, өте сирек деректерді тапқан.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:

 

-Менің орталыққа жетекшілік етіп жүргеніме 8 жыл. Қазір жаңа қызметкерлер еңбектенуде. Жоспарларымыз көп. Тағы бір кітап дайындау үстіндеміз.

“Асыл мұра” орталығы 15 жылдың ішінде 69 кітап шығарған. Олардың дені көремендер назарына ұсынылып, мына сөреге жайғастырылыпты. Туындыларды кез келген уақытта С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан алып оқи аласыз.

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің жетекшісі:

 

-Біз “Асыл мұра” орталығының кітаптарының әрқашан тұсаукесерін өткіземіз. Барлық 70 кітабы кітапханада тұр.

Бүгінгі қуанышқа ортақтасып келгендер түрлі шашуларын тарту етіп, жылы лебіздерін жаудырып жатты. Оларға “Асыл мұраның” жетекшісі Таңат Сүгірбаев кейін шыққан кітаптарды сыйға тартты.

Акбопе Танирберген