Спорт

Петропавлдағы Спорт сарайында ашық есік күні ұйымдастырылды

Александр Мицых – мамандандырылған жеңіл атлетикалық ОРБЖСМ директоры:

-Бұл манежде мамандандырылған жеңіл атлетикалық олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, “Жеңіс” және де өзге де спорт мектептерінің тәрбиеленушілері жаттығады. Оларға барлығы тегін. Мұнда күнде бос орын болмайды. Спортпен айналысқысы келетіндердің қатары артуда.

Кейін балалар дзюдо және де күрес залында болды. Мұнда 130-ға жуық теріскейлік спортшы айналасады екен. Негізінен Спорт сарайында 10-ға жуық спорт секциясы бар. Бүгін жасөспірімдерге ел біріншілігінде өңір намысын сәтті қорғап жүрген “Құлагер” командасының жаттығуын тамашалау мүмкіндігі туды. Хоккейшілердің шеберлігін тамашалаған оқушылар көтеріңкі көңіл күйде. Жалпы өздері де осында келіп спортпен айналысқысы келетіндіктерін жасырған жоқ.

Айна Шупанова – №2 орта мектеп оқушысы:

-Маған экскурсия ұнады. Барлығы тамаша.

Қарлығаш Үмбетова – №2 орта мектеп оқушысы:

-Біз бүгін мұз айдынында да тегін коньки теуіп үлгердік. Сонымен қатар, барлық секцияларды көрдік. Барлығы ұнады. Енді өзім де осында келетін боламын.

Ел бойынша өткізіліп жатқан “Дені сау ұлт – спорттық Қазақстан” акциясы аясындағы осындай ашық есік күндері өңірдің барлық спорт кешендерінде ұйымдастырылуда.

 

 

Риат Шони