Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдік шетелдік инвесторларды тарту жөнінде келіссөздер жүргізуде

Алдағы уақытта келіссөздер қағаз жүзінде қалмай, нақты істермен жалғасын таппақ. Дәлірек айтқанда, өзге елдің бизнесмендері облыс аумағында көлітік-логистикалық орталықтар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін зауыт тұрғызбақшы. Іскерлік кездесуде өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов аймағымыздың инвестициялық әлеуетіне кеңірек тоқталды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Аймағымызда аграрлық секторға басымдық берілген. Сондықтан, астық, майлы дақылдарды, ет, сүт өнімдерінің сан алуан түрін экспорттауға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта біз ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, сырт мемлекеттерге дайын тауар түрінде сататын боламыз.

Берик Касен